386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жарты жылда 54 адам пойыз астына түскен

  • 130
Жарты жылда 54 адам пойыз астына түскен KP.UA

Жыл басынан бері 54 қазақстандық теміржол бойында жазым болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Көлік полициясы департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, теміржол бойындағы жазатайым жағдайларды азайту үшін көлік полицейлері алдын алу шараларын үздіксіз жүргізіп келеді.

«Жарты жылда «Теміржол – қауіпті аймақ» деген тақырыппен 349 бірлескен алдын алу шарасын, 442 жиналыс, 606 кездесу өткіздік. Соған қарамастан азаматтардың теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелерін бұзуы тыйылар емес. Департаментке қарасты әкімшілік полиция басқармасының мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 6 айында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 14 198 азамат әкімшілік жауапқа тартылды», – делінген департамент дерегінде.

Өткен жылы адамдардың салғырттығынан пойыз тізгіншілері 337 рет шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Теміржол бойында малды қараусыз жіберу де белең алып отыр. Соның салдарынан пойыздар 520 рет шұғыл тоқтаған. Рельске қасақана бөгде зат төсеген 4 оқиға тіркеліпті.

«Жамбыл облысының Қияқты – Хантау аралығында қатынайтын Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы жылқыға соғылған болатын. Мал иесіне 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. 

Жыл басынан бері 54 азамат пойыз астына түсіп өмірден озды. Полиция қызметкерлері теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтап, арнайы бөлінген орындардан ғана өту керектігін, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді», – делінген баспасөз ақпаратында. 

Хабар 24 телеарнасы