Ақтауда теңізге шомылуға барған ер адам суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқыс оқиға облыс орталығынан 25 шақырым жердегі жеке меншік демалыс базасында болды. Құтқарушылар кеше кешкісін шақырту алған. Қазіргі таңда 1997 жылы туған азаматтың денесін іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Мамандар осы оқиғаға орай көрген-білгені бар адамның 112 номеріне хабарласуын сұрайды.
Авторы: Талғат Исламұлы