386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жоғалып кеткен ер адамның денесі каналдан табылды

  • 178
  • UPD: 15:05, 26.07.2019
Қызылордада жоғалып кеткен ер адамның денесі каналдан табылды inform.kz

Қызылордада үйінен шығып, қайта оралмаған 44 жастағы азаматтың мүрдесі каналдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марқұм 22 шілдеде таңғы сағат 10.00 шамасында үйінен шығып кеткен. Отбасы мүшелері содан кейін одан еш хабар ала алмаған.

«Осы мақсатта іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жедел-құтқару жасағының мамандары оның мүрдесін қала орталығындағы каналдан тапты», деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметшісі Айгүл Нұрманова.

Жалпы, жыл басынан Қызылорда облысында суға кеткендер саны 25 адамға жуықтады. Олардың ішінде 10-ы балалар.

Хабар 24 телеарнасы