386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта Қазақстан азаматшасы қамауға алынды – ҚР СІМ

  • 214
  • UPD: 17:20, 26.07.2019
Таиландта Қазақстан азаматшасы қамауға алынды – ҚР СІМ

Мерзімі өтіп кеткен визасына байланысты қазақстандық қыз миграциялық түрмеге қамалды.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Белгілі болғандай, 1995 жылғы қыз Таиланд аумағында мерзімі өткен визамен алты айдан астам уақыт бойы емін-еркін турист ретінде жүре берген. Алдағы уақытта оған қатысты депортация шарасы іске асырылмақ. Оны Бангкоктегі әуежайда ұсталған.

«Консул онымен байланысқа шықты. Шешім шығарылғанға дейін ол миграциялық түрмеге жеткізілді. Аталмыш оқиға бойынша шешім алдағы аптада шығарылады. Алдын ала мәлімет бойынша ол депортацияланады. Әзірге,қылмыстық жауапкершілік туралы мәселе көтерілген жоқ», - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы