386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 3 жасар бала терезеден құлаған балабақша жеке меншік болып шықты

  • 182
  • UPD: 21:00, 26.07.2019

3 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап, аман қалды. Оқиға Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде болған. Мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік тапсырысты орындаушы жеке серіктестік болып шықты.

Гауһар Шымбаеваның үш жасқа толған егіз ұлы бұл балабақшаға мамыр айынан барған. Әу бастан тәрбиешілерді мұқият болуын өтіндім дейді ол. Себебі бөбектері аса белсенді көрінеді. Жүгіріп жүретін ойын баласы енді аурухана керуетіне таңылды.

Гаухар Шымбаева, қала тұрғыны:

- Балаларымның екеуі де терезе алдында жүріпті. Қасында тағы бір бүлдіршін болған. Сол кезде ашық тұрған терезеге Захар ұлым құлап кеткен.

Терезеден құлаған бүлдіршінді көрші алаңдағы құрылысшылар байқаған. Алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемге де хабарласқан солар көрінеді. Оқыс оқиға салдарынан бөбек қос бірдей жарақат алған. Бас миы шайқалып, аяғы сыныпты.

Сағидолла Досмағамбетов, Ақтөбе облыстық медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Бас ми шайқалуы ол деген 5-7 күн стационарлық ем алады. Сынық болғасын ол бір айдай емделуі керек. Бірақ ол бір айдай емделуін ол бастайтыны ауруханада, жалғастыруға оны амбулаторлық жағдайда оны істеуге болады.

Балабақша меңгерушісінің сөзіне қарағанда оқиға түстен кейінгі ұйқыға жатқызар кезде болған. Бөбектерге бас-көз болуы тиіс тәрбиеші де бөлмеде жүріпті. Бірақ үш жасар бүлдіршіннің терезенің алдына шыққанын қалай байқамағаны белгісіз. Ал қауіп төндірген терезелерді сыртынан темір тормен біржола бекітіп тастауға өрт қауіпсіздігіне байланысты рұқсат жоқ. 

Алмагүл Жұмағұлова, балабақша меңгерушісі:

- Терезелер күрделі құлыппен жоғарғы жағы ғана ашық болатын. Оны кішкентай баланың қалай айқара ашқанын білмеймін. Ал тәрбиеші осы мезгілде өзге бүлдіршіндердің киімдерін алмастырып, ұйқыға дайындап жүрген.

Кезекте болған тәрбиешіден түсініктеме алынып, жұмыстан босатылды. Полицейлер оған қатысты Қылмыстық Кодекстің «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша іс те қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал қызметкердің селқостығынан аяғы сынған бөбектің сыңарын ата-анасы сол күні ақ балабақшадан алып кеткен. 

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы