386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада көлік қаққан жаяу жүргінші мен оның қызы мерт болды

  • 175
Қызылордада көлік қаққан жаяу жүргінші мен оның қызы мерт болды

Қызылорда қаласында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші мен оның қызы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында болды. Ажал құшқан адамдар жүргіншілер жолағы жоқ жерден өтпек болған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы