386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 32-қабаттан секірмек болған келіншек әкімшілік жауапкершілікке тартылды

  • 232
  • UPD: 10:27, 28.07.2019
Елордада 32-қабаттан секірмек болған келіншек әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елордада көп қабатты үйден секірмек келіншек және ол сөзге келіп қалған күйеуі полиция басқармасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ресми өкілі София Қылышбекованың мәлімдеуінше, Достық көшесінің бойындағы «Солтүстік шұғыла» тұрғын үйіне келген полиция жасағы келіншек пен оның күйеуін Есіл аудандық Полиция басқармасына мән-жайды анықтау үшін жеткізген.

«Тексеру барысында келіншек күйеуімен ұрсысып қалған соң көп қабатты үйден, биіктен төменге секіремін деп күйеуін тек қорқытпақ болғаны белгілі болды. Алайда ол секіргісі келмеген. Ерлі-зайыптыларға қатысты қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік өндіріс қозғалды. Медициналық сараптамаға сәйкес ерлі-зайыптылар ішімдіктен мас болған», - деді ресми өкіл.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде келіншек аталмыш тұрғын үйдің 32-қабатынан секірмек болған.

Хабар 24 телеарнасы