386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Кендірліге» тынығуға барған екі адам ашық теңізде қалып қойды

  • 190
  • UPD: 16:34, 28.07.2019
«Кендірліге» тынығуға барған екі адам ашық теңізде қалып қойды zakon.kz

«Кендірлі» демалыс аймағына тынығуға барған қос тұрғын  жағалаудан 20 шақырымдай алыстап кетіп, ашық теңізден бір-ақ шықты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық  жедел құтқару жасағаның мамандары мәлімдеді, деп жазады zakon.kz

Оқыс жағдай  26 шілде күні болған.

«112» нөміріне балықшылар мінген қайықтың моторы істен шығып, әрі қатты жел оларды  теңізге тықсырып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түседі. Құтқарушылар ауа райының тұрақталуын күтіп, демалушыларды тек таңмен жағаға шығарған. Ал ол жерде балықшыларды шекара күзетшілері күтіп тұрды. Балық аулауға рұқсат қағазы болмағаны үшін қос азаматқа айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы