385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні қолға түсірді

  • 143
  • UPD: 10:32, 29.07.2019
Жамбылдық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні қолға түсірді radio7.kz

Жамбылда пәтер тонаушылар айылын жияр емес.

Шілденің басында облыс орталығының тұрғыны үйінен 150 мың теңгенің ноутбугы мен банк карточкасының қолды болғаны жөнінде Тараз қалалық полиция басқармасына арызданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел үздестіру шараларына кіріскен тәртіп сақшылары 31 жастағы Тараз тұрғынын ұстады. Күдіктінің үйін тінту барысында ескі тиындар, ұялы телефондар, қымбат зергерлік бұйымдар мен сағаттар және қару-жараққа дейін табылды. Әр айғақ заттың қандай жолмен алынғаны жіті зерттелетін болады. Сезікті азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы