386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында мас жүргізушінің кесірінен 11 адам зардап шекті

  • 187
  • UPD: 14:43, 29.07.2019
Павлодар облысында мас жүргізушінің кесірінен 11 адам зардап шекті pavlodarnews.kz

Екі жолаушы ауыр халде жатыр, біреуіне түнде Железин аудандық ауруханасында операция жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Өңірлік полиция департаменті хабарлағандай, кеше кешкісін сағат 22:44-тер шамасында Омбы-Майқапшағай автожолының 195-шақырымында «Нива» және Омбыға бара жатқан «Mercedes-Benz Sprinter» соқтығысқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, 27 жастағы «Ниваның» жүргізушісі орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болған, – деп нақтылады ведомстводан.

2019 жылдың ақпан айында ол көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Полиция мәліметіне сәйкес, онымен бірге автокөлікте 17 жастағы қыз болған. Түрлі дене жарақатымен қазір ол Железин аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. «Нива» жүргізушісі мен жолаушысы – Береговое ауылының тұрғындары.

Аудандық ауруханаға осы жол-көлік апатынан зардап шеккен 11 адам келіп түскен. Тағы бір кәмелетке толмаған Ресейдің тұрғыны облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – деп нақтылады емхананың бас дәрігері Қуаныш Нысанбеков.

34 жастағы зардап шеккен адамның жамбас сүйегі мен сол иығының сынығына операция жасалды. Науқас облыс орталығына ұшақпен жеткізілмек.

Хабар 24 телеарнасы