386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытауда туристерге арналған орталық салынып жатыр

  • 174
  • UPD: 14:04, 29.07.2019
Ұлытауда туристерге арналған орталық салынып жатыр

Қарағанды облысының Ұлытау ауданына келетін саяхатшылардың саны артып келеді.

Жыл басынан бері көне ескерткіштерге бай мекенге 10 мыңнан астам адам келіп үлгерген. Туристердің ағымына байланысты, аудан орталығында сапар орталығының құрылысы басталып кетті. Ұлытау ауданы саяхатшыларға тарихи ескерткіштерімен танымал. Сонымен қатар бұл елді-мекен қасиетті жер болып саналады, сондай-ақ мұнда эко және агро-туризмді дамыту жоспары бар. Жаңа сапар орталығы заманауи үлгімен салынып жатыр. Мұнда кітапхана, экспозициялық зал, сақтау камерасы, жатақхана мен асхана қарастырылған. Аталмыш орталық «Ұлытау» мұражай қорығы кешендік жобасының бірінші кезеңі болып табылады. Келесі жоба этноауыл болмақ. Жаңа сапар орталығы осы жылдың желтоқсан айында тапсырылады деп күтілуде. 

Бақтияр Қожахметов, өлкетанушы:

– Сапар орталығының міндеті – туристерге қызмет көрсету, оның ішінде ақпарат залы болады. Ол жерде турагенттер отырады, олар келген туристтерге ақпарат беріп, бағыт көрсетіп, оларға жағдай жасап, керек болса қасына жол серігін беру, автокөлік тауып беру, жалпы келген туристке қызмет көрсету – ең бастысы.

Хабар 24 телеарнасы