384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетау тұрғыны алаяққа алданып қалды

  • 369
  • UPD: 12:24, 30.07.2019
Көкшетау тұрғыны алаяққа алданып қалды tengrinews.kz

Көкшетау тұрғыны 30 жастағы алаяққа 300 мың теңге несие алып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шілденің 25-де Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 25 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, танысының алаяқтық жолмен 300 мың теңге ақшасын иемденіп алғанын айтқан. «Анықталғандай, зардап шегуші күдіктімен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Өзін кәсіпкер ретінде таныстырған күдікті келіншектен 300 мың теңге көлемінде қарызға ақша сұраған. Алаяқтың сөзіне сеніп қалған келіншек банктен несие рәсімдеген. Сөйтіп, ақша қолына тиген күдікті өзінің «демеушісімен» байланысқа шықпай қойған», - деп айтты ведомстводан.

Көкшетау қалалық ПБ криминальды полиция бөлімінің қызметкерлері Щучинск қаласының осы іске күдікті 30 жастағы тұрғынын анықтап ұстады. Күдікті осындай қылмысы үшін бұрын сотты болған. Күдікті қылмысын бірден мойындады. «Қазіргі кезде күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. Полиция ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлігі бойынша (алаяқтық) із қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», деп толықтырды ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы