386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі лагерьде балалардың ата-аналары тәлімгердің үстінен шағым түсірді

  • 168
  • UPD: 20:41, 30.07.2019

Ақтөбедегі демалыс лагерлерінің бірінен шу шықты. Мұндағы кейбір балалардың ата-аналары полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жас тәлімгердің демалушыларға тиіскендігі туралы айтыпты. Осы жайтқа орай қазір құзырлы органдар тиісті шараларды қолға алған. Педагог мамандардан құралған комиссия бақылау жұмыстарын жүргізсе, полиция департаменті тергеу амалдарының басталғанын хабарлады.

Райхан Нұрқожаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Білім басқармасы тарапынан мониторинг жүргізілді. Комиссия құрамында ардагер-педагогтар бар, басқарма мамандары бар. Бізде мониторинг жүргізу жыл сайын өткізіледі. Бұл мәселе бойынша балалардың жағдайы, тамақтануы, төсегі қалай болып жатыр бәрі қамтылады. Қазіргі таңда аталған жағдайды талқыладық. Тәрбиешімен түсіндірме жұмысы жүргіздік.

Ерболат Сарқұлов, Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- 25 шілдеде Ақтөбе қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына қала маңында орналасқан лагерьлердің бірінде жас тәрбиелеуші балаларға тиіскендігі туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша сот алды тергеу амалдары басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы