389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жүргізушілер арасындағы кикілжің атыспен аяқталды

  • 328
  • UPD: 09:59, 31.07.2019
Түркістан облысында жүргізушілер арасындағы кикілжің атыспен аяқталды

Түркістан облысы полицейлері бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

24 шілде күні түнде Төлеби аудандық полиция бөліміне аудандық ауруханадан оқ тиіп жараланған ер адамның жеткізілгендігі туралы хабарлама келіп түседі. Полицейлердің анықтауынша, қала көшелерінің бірінде екі көлік қарама-қарсы келіп, бір-бірінің жол жүрісіне кедергі жасап, яғни 2 жүргізуші жолды бөлісе алмай, сөзге келіп қалған. Соның салдарынан жүргізушінің бірі жәбірленушіні травматикалық қарумен атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді. Қылмыстық істі ашу мақсатында Төлеби АПБ-нің полицейлері бұзақылық жасаған күдіктіні ұстау үшін қажетті деген барлық іс-шараларды жедел іске асырды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде Леңгір қаласының тұрғынын ұстады. Полицейлер күдіктіден айғақ зат ретінде травматикалық тапанша тауып тәркіледі. Күдікті қазір қамауда. Осы кезде қару қолдану арқылы «бұзақылық» жасау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы