386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орал-Алматы бағытындағы FlyArystan рейсі жарты күннен астам уақытқа кешікті

  • 188
  • UPD: 12:28, 31.07.2019
Орал-Алматы бағытындағы FlyArystan рейсі жарты күннен астам уақытқа кешікті

Орал-Алматы бағытындағы FlyArystan КС7168 рейсі 13 сағатқа бөгелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуежайда қалған жолаушыларға тамақ беріліп, қонақжайға орналастырылды.

FlyArystan әуе компаниясының хабарлауынша, рейстің бөгелу себебі рейске дайындық кезінде ауаны жіберуді бақылау жүйесін қосымша тексеруге тура келді. FlyArystan-ның басты принциптерінің бірі қауіпсіздік болғаннан кейін әуе компаниясының инженерлері бортты толық тексерістен өткізуді жөн көрді. Бұл процесс 13 сағатқа созылды. Қажетті техникалық тексеріс өткізілгеннен кейін әуе кемесі жұмысын ойдағыдай жалғастырды. Рейс кеш ұшады деген хабар келгеннен кейін әуе компаниясының қызметкерлері, жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сай жолаушылардың барлығына су мен жеңіл тағам беріліп, компанияға хабарласқан 50 адам қонақ үйге орналастырылды.

Айта кетейік, таяуда FlyArystan әуе компаниясы ұшақ қозғалтқышының істен шығуы туралы ақпаратты теріске шығарғандығы туралы ақпарат тараған болатын.

Хабар 24 телеарнасы