386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда тұрғын үй өртенді

  • 190
  • UPD: 15:33, 31.07.2019
Көкшетауда тұрғын үй өртенді

Көкшетауда екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 14:12 шамасында Әуезов көшесі, 219 үйде орналасқан үйден шыққан.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға аумақтық ТЖД жеке құрамынан 20 қызметкер мен 5 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Сағат 14:22-де өрт толық сөндірілді», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Ведомство мәліметінше, өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі мен салдары анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы