386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана LRT-ның бұрынғы басшысына қарсы қылмыстық іс қозғалды

  • 194
  • UPD: 20:39, 01.08.2019

Астана LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.

«БАҚ-та Астана LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу салынды деген ақпарат жиі талқыланып жүр. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Астана LRT-ның бұрынғы төрағасымен бірге бірқатар қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оларға мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылуда. Бүгінде тергеу жұмыстарының жүріп жатқанына байланысты нақты әрі толық ақпаратты бере алмаймыз», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі 1 департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астана LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданның халықаралық іздеуде берілгенін хабарлаған болатынбыз.

Елорда Инфо

Хабар 24 телеарнасы