386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жүк көлігі қатысуымен болған апаттан 4 адам көз жұмды

  • 222
  • UPD: 17:46, 01.08.2019
Қызылорда облысында жүк көлігі қатысуымен болған апаттан 4 адам көз жұмды

Қызылорда облысында «Мersedes» маркалы ауыр жүк көлігі «Тоyота» автокөлігімен соқтығысып қалды.

Жол апатынан 4 адам көз жұмып, 4 жолаушы Қармақшы аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Айта кетейік, жол-көлік оғиғасы салдарынан қайтыс болған жүргізуші мен ауруханаға түскен төрт адам Қырғызстан азаматтары екендігі анықталды. Оқиға орнына облыстық жедел жәрдем стансасының 3 шақыру тобы дереу барып, медициналық көмек көрсеткен. Қазір Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Авторы: Қамбар Бекенов

Хабар 24 телеарнасы