386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыстан жарақат алған 8 жасар бала көз жұмды

  • 213
  • UPD: 15:23, 02.08.2019
Арыстағы жарылыстан жарақат алған 8 жасар бала көз жұмды

Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы Арыстағы жарылыс кезінде көлік астына түсіп, елордадағы №2 ауруханаға жеткізілген Аян Шәріпбаевтың қайтыс болғанын растады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды . «Аян Шәріпбаевтың қайтыс болғанын растаймыз. Әзірге одан басқа ешқандай мәлімет бере алмаймыз», - делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Еске салсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыс апаты кезінде көлік астына түсіп, ауыр жарақат алған 7 жасар Аян Шәріпбаевтың жағдайы өзгеріссіз екенін, тіпті шетелдік нейрохирургтарға көрсеткенін айтқан болатын. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Аян Шәріпбаевты шетелдік мамандар да қарағанын, алайда жағдайы нашар жатқанын мәлім еткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы