386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда түнгі уақытта футбол ойнаған жігіт оқ астында қалды

  • 171
  • UPD: 17:58, 02.08.2019
Көкшетауда түнгі уақытта футбол ойнаған жігіт оқ астында қалды

Оқыс жағдай тұрғын үй кешені аулаларының бірінде болған.

Жәбірленуші тараптан полицияның кезекші бөліміне арыз келіп түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның сөзінше, түнде футбол ойнап жатқан кезде мылтықтың атылған дыбысы естілген. Салдарынан ол тізе буынынан өтпелі жарақат алған. Қазір күдікті тұлға анықталған. Ол 37 жастағы облыс орталығының тұрғыны. Ер кісі атысты пневматикалық қарудан жасаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Гүлнар Пинчук, ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі өндіріс басталып кетті. Қару айғақ ретінде тәркіленді. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы