386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда балалар дәрігеріне қатысты әкімшілік іс тоқтатылды

  • 159
  • UPD: 21:16, 02.08.2019
Ақтауда балалар дәрігеріне қатысты әкімшілік іс тоқтатылды

Ақтаудағы балалар ауруханасының хирург дәрігері Насуқан Отарғазиевке қатысты әкімшілік іс тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол мамандандырылған әкімшілік соттың 19 шілдедегі қаулысымен кінәлі деп танылып, бір тәулікке абақтыға қамалған еді. Айыпталушы мен оның қорғаушысы бұл шешіммен келіспей, шағым түсірген. Бүгін ашық түрде өткен отырыста жеті куәгердің пікірі тыңдалды. Сондай-ақ аурухананың қабылдау бөліміндегі бейнекамераға жазылған бейнетаспа қаралды. Қорытындысында апелляциялық сот алқасы бұрынғы қаулының күшін жойып, іс тоқтатылды.

Насуқан Отарғазиев, қалалық балалар ауруханасының дәрігері:

- Отанымыздағы соттың әділдігіне, дұрыс шешім қабылдайтындығына өте қуаншытымын. Рахмет үлкен, біріншіден, әріптестеріме. Болашақ жоспарым, әрине әрі қарай жұмысты жалғастырамын. Апамыз үлкен кісі, ана есебінде ашу үстінде айтылған сөздері болар. Ол кісіге қоятын ешқандай талабым жоқ.

Хабар 24 телеарнасы