386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 4 млн 700 мың теңге жалған ақшаға қатысты іс қозғалды

  • 172
  • UPD: 21:24, 02.08.2019
Алматыда 4 млн 700 мың теңге жалған ақшаға қатысты іс қозғалды

Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаменті 4 млн 700 мың теңгеге жалған ақшаға қатысты іс қозғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл банкноттарды департаментке екінші деңгейлі банктер тапсырған. Қазіргі уақытта осы іс бойынша экономикалық тергеу департаменті мен жедел қызмет жұмыс жүргізуде. Мамандар тұрғындарға мұқият болуды ескертеді. Ал егер қолға жалған ақша түсіп қалған жағдайда, Экономикалық тергеу департаментіне жүгінуге болады. Қазір департамент қызметкерлері қолдан ақша жасап, таратқандарды іздестіруде. «Жалған ақша жасаудың жазасы да ауыр», - дейді мамандар.

Жақсылық Мырзахан, қалалық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

- Жалған ақша жасау қылмысы ауыр қылмыс болып саналады. Қылмыстық кодекстің 231-бабы жалған банкнот немесе құнды қағаздар жасау бабы бойынша ең жоғарғы жаза 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы