386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық полицейлер 13 келі есірткіні өткізбек болған азаматты қолға түсірді

  • 162
  • UPD: 21:57, 02.08.2019
Елордалық полицейлер 13 келі есірткіні өткізбек болған азаматты қолға түсірді

Елордалық полицейлер ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы хабарлады. Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында қала көшелерінің бірінде бұрын сотталған ер азамат ұсталған. 43 жастағы күдікті Қарағанды облысының тумасы. Тексеріс барысында күдіктіден салмағы 200 грамнан асатын есірткі заты тәркіленген. Мамандардың айтуынша, оның қара базардағы құны үш миллион теңгеден асады. Арнайы операция барысында елордада 13 киллограм «гашиш»  өткізбек болған Жамбыл облысының азаматы да қолға түскен. Қазіргі уақытта күдіктілер қалалық Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы