386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлді ластау дерегі бойынша зертханалық зерттеу жүргізіліп жатыр

  • 227
  • UPD: 12:27, 03.08.2019
Алакөлді ластау дерегі бойынша зертханалық зерттеу жүргізіліп жатыр

Мамандар Алакөлден алынған суды зертханалық зерттеуден өткізіп жатыр. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алакөлге құбыр арқылы ағызылған жерден сынама алынып, зертханалық зерттеу жасалуда. Жақында осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі, Алматы облысы əкімдігі жəне құқық қорғау органдары мамандарынан тұратын арнайы комиссия құрылды», - деп жазады Facebook парақшасында Самал Ыбыраева.

Комиссия мүшелері оқиға болған жерге келіп, судың көл жағасында орналасқан «Көктем гранд резорт» ЖШС балалар мен ересектер бассейнінен ағызылғанын анықтаған.

«Бүгінгі күні қонақүй су ағызуды тоқтатты. Ол жерде комиссия жұмыс істеуде. Су сынамасына зертханалық зерттеу (бактериологиялық, вирусологиялық жəне паразитологиялық талдау) жасалуда. Таяуда нəтижесі шығарылады» дейді ол.

Министрліктің баспасөз хатшысы тергеп тексерудің соңында көлге су ағызған ЖШС-ға қатысты шара қабылданатынын мәлім етті.

Еске сала кетсек, Алматы облысындағы Алакөл көліне құбыр арқылы лай су төгіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Әлеуметтік желіге тараған видео халықтың наразалығын тудырған.

Хабар 24 телеарнасы