386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында көлік апатынан 4 адам көз жұмды

  • 177
  • UPD: 14:19, 03.08.2019
Түркістан облысында көлік апатынан 4 адам көз жұмды

Түркістан облысында болған көлік апаты кезінде 4 адам қайтыс болып, 1 адам жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ғacebook парақшасында жазды.

«2019 жылдың 2 тамызында кешкі уақытта Төле би ауданының аймағы Алматы-Ташкент-Термез жолында жол апаты болды. Шымкент қаласына қарай бағыт алған жүк көлігі қарама -қарсы бағытқа шығып кетіп, «Ауди» маркалы жеңіл көлігі мен «Камаз» жүк көлігімен соқтығысып, содан соң жанып кеткен. Жол көлік оқиғасының салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды, ал жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жетпестен көз жұмды.

Сондай-ақ «Ауди» көлігінің бір жолаушысы дене жарақаттарымен жан сақтау бөліміне жеткізілді» делінген хабарламада. «Камаз» көлігінің жүргізушісі аман екендігі де айтылады. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаны тергеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы