386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда бесінші қабаттан 4 жасар бала құлап кетті

  • 173
Павлодарда бесінші қабаттан 4 жасар бала құлап кетті

Павлодар қаласында көпқабатты үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 3 тамыз күні Бектұров көшесі, 71 мекенжайында болған.

«Жедел жәрдем бригадасы ұл баланы сағат 21:13-те жеткізді. Басына ауыр жарақат алғаны анықталды. Дәрігерлер бірнеше сағат бойы өмірін арашалап қалуға тырысты. Бала есін жимастан сағат 02:45-те көз жұмды», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Хабар 24 телеарнасы