385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Адам өлтірген павлодарлық азамат Ресейде қолға түсті

  • 123
  • UPD: 15:58, 05.08.2019
Адам өлтірген павлодарлық азамат Ресейде қолға түсті pavlodarnews.kz

Тергеу мәліметтері бойынша Успен ауданының тұрғыны ашық далада танысына бірнеше рет оқ атып, бой тасалап жүрген, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Павлодарлық полицейлер ресейлік әріптестерімен бірлесе осы іске қатысы бар күдікті ер азаматты құрықтады.

«Полицейлер адам өлтірген деген күдіктінің қай жерде жүргенін анықтады, - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінде. - Ер адам Ресей Федерациясы аумағында бой тасалап жүрген және сол жерде ұсталды. Күдіктіні анықтап, оның жүрген жерін табу үшін полицейлерге бір апта уақыт кетті».

Аталған факт бойынша ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдың шілдесінде күдікті тұлға Қазақстанға экстрадицияланды.

Айта кетейік, жыл басынан бері павлодарлық полицейлер 90 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 34 адамды тапты.

Хабар 24 телеарнасы