386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда атыстан екі адам ауыр жарақат алған

  • 156
Ақтауда атыстан екі адам ауыр жарақат алған BNews.kz

Оқиға 6-шағын ауданда орналасқан ойын-сауық орындарының бірінде болған, деп жазады tengrinews.kz.

Жәбірленушілерді Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізген. Бұл туралы Маңғыстау қалалық Полиция департаменті мәлімдеген. Зардап шеккендердің айтуынша, жанжал ауызша қақтығыстар салдарынан болған. 

«1993 жылғы жәбірленуші аяғынан жарақаттанған. Ал 1992 жылғы азамат сол жақ білегіне оқ тиген», – деп хабарлайды Маңғыстау қалалық Денсаулық сақтау департаменті.

Департамент мәліметінше, күдікті екі айға қамауға алынған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екеуі де амбулаторлық емдеуге жіберілген. 

«Аталған дерек бойынша Полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілуде. Тергеу жалғасуда», – дейді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы