386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында бұқа базарды ойрандады

  • 137
  • UPD: 12:32, 06.08.2019

Алматы облысында құтырған бұқа базарды талқандады. Оқиға Гүлдала ауылында болған. Бейнетүсірілім әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Ірі қара бірнеше контейнерді бүлдірген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тапа-тал түсте ойран салған жануарды тұрғындар ұстап, дер кезінде залалсыздандырған.

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде белгісіз біреу атыс қаруынан оқ атып, екі ер адамды жаралады. Күдікті көп ұзамай қолға түсті. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. «Аяғына оқ тиген адамдар бүгінде амбулаториялық емдік шараларын алып жатыр. Олардың өміріне қатер төніп тұрған жоқ - дейді дәрігерлер. Куәгерлердің айтуынша, дәмханада сөзге келісе алмасудың соңы атыспен тынған.

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында екінші өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жау таулы жердегі орманды жалмады. Сала мамандарының мәліметінше, Торайғыр ауылдық аймағындағы қызыл жалын 300 шаршы метрге жайылған. Алдын ала болжам бойынша өрт найзағай түсуінен тұтанған болуы мүмкін.  Нақты себебі арнайы комиссияның тексерісінен кейін анықталмақ. Оқиға таулы жерде болғандықтан, арнайы техника мен адамдарға жақындауға қиындық туған. Сондықтан, көмекке МИ-706 тікұшағы тратылды. Қызыл жалынмен күресуге 50-ден астам маман мен ұлттық парктің 13 техникасы жұмылдырылды. Еріктілер құрылымдары да көмекке келді. Өртпен  арпалыс бір тәулікке жалғасты.  Еске салсақ, бұған дейін ұлттық парк аумағында ірі өрт болып, мамандар бір апта бойы күресті. 70 гектарлық орман алқабы жанып кеткен болатын. Айта кетейік, биылғы жылғы кезеңде облыс аумағында 142 орман өрті орын алған.

Шәкір Ахметов, облыстық ТЖД басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Өрт таулы жерде болғандықтан, қиындық туғызды. Сөндіруге бір күн кетті. Сондықтан тікұшақтар жұмылдырылды. Сонымен қатар байланыс болмай, түтіннен ештеңе көрінбеді. Тікұшақтардың көмегімен қызыл жалынды ауыздықтауға 57 тонна су жұмсалды.

Шымкенттегі базарлардың бірінде өрт шықты. Сауда дүңгіршегінің бірі жанып, жанындағы киім-кешек сататын бірнешеуін шарпыған. Өрт аумағы 72 шаршы метрді құрайды. Абырой болғанда, адамдар аман. Қызыл жалынды сөндіруге 50-ден астам адам және 7 техника жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, отқа оранды. Адам өлімі жоқ. Тіке жолда келе жатқан «Опелдің» алдынан Газель қиып өтпекші болған. Алайда жеңіл көліктің жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, қатты жылдамдықпен келіп соққан. Полицейлер Газелдің иесіне Кодекстің 610 бабының бір бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы