386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда дауыл салдарынан 4 мың үй жарықсыз қалды

  • 176
  • UPD: 15:14, 06.08.2019
Оралда дауыл салдарынан 4 мың үй жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жеткен кешегі дүлей дауылдың салдары анықталып, келген шығын әлі есептеліп жатыр.

Тек Орал қаласының өзінде екі орта мектептің шатыры желге ұшқан, өзге де бірқатар мемлекеттік және коммерциялық нысандардың ғимараты зақымданған. Зашаған кентінде электр стансалардың бірінің істен шығуына байланысты жаңа шағын аудан сусыз қалды. Шаһарда 105 жерден электр сымы үзіліп, 4 мың абонент дәл қазір жарықсыз отыр. Ал облыс бойынша қанша елді мекен қараңғылық құшағында қалғанын және қашан жарық берілерін ешкім дөп басып айта алар емес. Электр желілерін қалпына келтірумен бар болғаны 10 бригада айналысып жатқан көрінеді. Оралда ондаған автомобильді терек басып қалған. Құлаған ағаш пен шатырдан ұшқан шиферден жарақаттанған 5 адам ауруханаға жатқызылған. Жалпы табиғаттың тосын мінезіне байланысты көмек сұрап, 300-ден астам тұрғын қоңырау шалған.

Миржан Нұртазиев, Орал қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Зашаған кентінде су сорғы стансасында жарық болмауына байланысты уақытша су тоқтатылды. Қазіргі таңда батыс электр жүйесін тарату компаниясы тарапынан апатты жою бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Содан кейін су беріледі.

Хабар 24 телеарнасы