384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында бір тәулікте 4 адам суға кетті

  • 449
  • UPD: 15:27, 06.08.2019
Маңғыстау облысында бір тәулікте 4 адам суға кетті

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында үш адам суға кетті. Оқыс оқиға 5 тамыз күні жергілікті уақытпен кешкі 6 шамасында болды.

Сол жерге екі қайыққа мінген он құтқарушы шұғыл аттанды. Іздестіру шаралары түні бойы жүргізілді. Өкінішке қарай, таң ата 16 және 17-дегі ұл мен қыздың денесі табылып отыр. Жасы олармен шамалас тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ кеше Кедірлі демалыс орнында 28 жастағы тұрғын теңізге батып кетті. Марқұмның денесін туыстары жағалауға алып шыққан.

Бауыржан Мырзағұлов, шұғыл құтқару жасағы бастығының орынбасары:

- Кешкі сағат бес жарымда диспетчерлік пультке вызов түсті. Іздестіруге бардық Құрыққа. Сонымен кеше қараңғы түсіп кеткен соң таңертең 6-да іздестіру жұмыстары қайтадан басталды. Сол кезде сағат 7-де 2002 жылғы қыз, сосын 40 минуттан кейін ер адам 2003 жылғы табылды құтқарушылармен. Үшінші адамды іздестіріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы