386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда мейрамхана өртеніп жатыр

  • 201
  • UPD: 17:11, 06.08.2019

Елордада Тұран даңғылы бойында орналасқан «Мельница» мейрамханасы өртеніп жатыр.

Бүгін, 6 тамызда сағат 15:09-да «101» пультіне Тұран, 31 мекенжайы бойынша орналасқан «Мельница» мейрамханасында өрт шыққаны жайлы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі жіберілген. Өрт сөндірушілер келгенде мейрамханаға жапсарлас салынған нысанның шатыры өртеніп жатқаны анықталған. Қазіргі уақытта қызыл жалынды сөндіру үшін жеке құрамнан 30 адам мен 6 техника бірлігі жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы