386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көршісі туыстас 4 және 5 жастағы қыздарды зорлаған

  • 350
  • UPD: 13:16, 09.08.2019
БҚО-да көршісі туыстас 4 және 5 жастағы қыздарды зорлаған

19 жасар жігіт БҚО ауылдарының бірінде кішкентай қыздарды зорлады деген күдікпен қолға түсті. Зардап шеккендердің жасы 4 және 5 жаста. Қазір олар ауруханада жатыр. Күдіктінің өзі олармен көршілес тұрған.

Күдіктіні Жаңа өмір ауылында ұстады (бұрынғы «Шаған» совхозы). Алдын ала мәлімет бойынша ол көрші үйде тұрған екі жас қызды зорлаған. Бұл туралы 7 тамыз күні қыздардың бірі полицияда жұмыс істейтін әкесіне айтқан соң белгілі болды. Журналистерге бұл туралы БҚО қорғаушылар мекемесіндегі дереккөз хабарлады. Кентте бұл ақпаратты белгісіз болып қалғысы келген жергілікті тұрғын растап берді. Оның айтуынша, екі қыздың біреуі қалада тұрады, бірақ қылмыс кезінде кентіндегі туыстарына қонаққа келген екен.

Теректі полиция бөлімінде күдіктінің қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отырғанын растады.

«Ол ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы бойынша және сот бұлтартпау шарасын таңдағанға дейін ол бізде ұсталынады» деп хабарлады кезекші полиция бөлімінен.

Ұсталған азамат жақында әскерден келген, әскерге дейін бірнеше рет төбелеске қатысқаны үшін полицияға жеткізілгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу іс-шараларын жүргізгенге дейін уақытша ұстау изоляторында ұсталады. 9 тамызда сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы туралы шешім шығаруы тиіс. Ол тергеу кезінде қамауда отырады.

Уральская неделя

Хабар 24 телеарнасы