386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арысты қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға барған елордалық компания қызметкері қайтыс болды

  • 155
  • UPD: 18:50, 10.08.2019
Арысты қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға барған елордалық компания қызметкері қайтыс болды

Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін іссапармен жіберілген «Астана РЭК» АҚ компаниясының қызметкері Ермек Тютюбеков жол апатынан қайтыс болды. 

8 тамыз күні Арыс-Шымкент жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан рөлде отырған Ермек Тютюбеков алған жарақатынан қайтыс болған. 

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Тютюбеков Ермек Сейтбекұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қала әкімдігі тарапынан оның отбасына материалдық көмек көрсетіледі» делінген хабарламада.

Елорда Инфо

Хабар 24 телеарнасы