386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тұрғын үйдегі дүкен өртенді

  • 123
  • UPD: 22:03, 10.08.2019
Алматыда тұрғын үйдегі дүкен өртенді

Алматының Бостандық ауданында көп қабатты тұрғын үй өртенді.

«10 тамыз күні сағат 18:19-да «101» пультіне Алматы қаласының Бостандық ауданы Әуезов көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Ақпаратқа сәйкес, өрт тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Рики-Тики» дүкенінен шыққан. Жалын екінші және үшінші қабатта орналасқан пәтерлердің балкондарына және жартылай үйдің шатырына тараған. От шарпыған аумақ 40 шарты метрді құрады. Құтқарушылардың жедел әрекетімен тілсіз жау сағат 18:49-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ» делінген ҚР ІІМ ТЖК хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі кондиционердің электр сымының ақауы. Жалынмен күреске жеке құрамның 33 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы