386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда 30 тоннадай мал еті мұқтаж жандарға үлестіріледі

  • 137
  • UPD: 18:51, 11.08.2019

Бүгін екі мыңға жуық қостанайлық облыстық мешіттегі Құрбан айт намазына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың қайырымды жандарына құрбан шалуға жағдай жасалып, мал соятын 37 орын белгіленді. Сол жерлерде үш күн бойы қайырымдылық акциясы өтеді. Сойылған малдың еті тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға, қарттар мен балалар үйіне үлестіріледі. Биыл облыс орталығы бойынша 30 тоннадай ет жіліктілеп, мұқтаж кісілерге теңдей таратылады.

Дархан Қосылбаев, қалалық мешітінің наиб имамы:

- Бұл жерде екі формада құрбандық шалып еттерін бөлуде. Біріншісі әркім өзі бөліп, «өзімнің қалаған адамыма, мұқтаж жаныма беремін, отбасыммен бір бөлігін жеймін» деп жатса, кейбіреулері «арнайы мешітке берейік, сіздер арнайы мұқтаж жандарға таратыңыздар» деген ықыластарын білдіріп жатыр.

Бақытбек Тәжімбет, облыстың өкіл имамы

- Құрбан айттың үшінші күні мешітіміздің алаңында құрбандық етінен халыққа ас беріліп, сол жерде дәстүріміз бойынша қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылады. Осы шаралардан кейін «Мектепке жол» акциясы аясында облыс бойынша мыңға жуық оқушыға мектепке баратын құралдарды, киімдерін үлестіріп, қайырымдылық шараларын өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы