386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көктөбедегі өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

  • 134
  • UPD: 19:10, 11.08.2019
Көктөбедегі өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

Алматы қаласының ТЖД басшысы Серік Әубәкіров Көктөбеден шыққан өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көктөбеде шыққан өртті сөндіріп жатырмыз. Жел мен өрт шыққан жердің биікте және жолдардан алыс болуы жағдайды қиындатып отыр. 30 адам мен 6 техника жалынды ауыздықтауға жұмылдырылған», - деді Серік Әубәкіров Facebook парақшасында.

Сондақ-ақ өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады.

Бұған дейін Көктөбенің өртеніп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы