386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде автокөлік арыққа аударылып кетті

  • 137
Ақтөбеде автокөлік арыққа аударылып кетті

Ақтөбеде Suzuki көлігімен соқтығысқан Kia арыққа аударылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

«Екі автокөлік – Suzuki Grand Vitara мен Kia Rio соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Kia Rio арыққа аударылып кетті», – деді Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 
Апат салдарынан аударылған көліктің екі жолаушысы түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы