387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында бір қора мал жанып кетті

  • 209
  • UPD: 19:26, 12.08.2019
Жамбыл облысында бір қора мал жанып кетті

Жамбыл облысында жеке шаруа қожалықтарының бірінде өрт шығып, 90 бас мал жанып кетті.

Оқиға Жамбыл ауданы Қоңыртөбе ауылының маңында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 90 бас малдың 67-сі сиыр, бесеуі жылқы, қалғаны уақ мал. Сонымен қатар 200 тонна шөп күлге айналды. Тілсіз жаумен күреске 40-қа жуық адам мен 8 техника жұмылдырылған. Өрттің беті қайтпай, мамандар қызыл жалынмен 7 сағат бойы арпалысқан. Шаруа қожалығы иесінің айтуынша, отты белгісіз біреулер қасақана қойған болуы мүмкін.

Талғат Сабыров, облыстық ТЖД бастығының м. а:

– Өрттің көлемі 600 шаршы метр болды. Өрттің себебін анықтау үшін өрт сынақ зертханасы және полиция бөлімдері жедел тергеу тобы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы