386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 25 гектар астық алқабы өртеніп кетті

  • 123
  • UPD: 21:24, 12.08.2019
Ақтөбе облысында 25 гектар астық алқабы өртеніп кетті

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында 25 гектар астық алқабы өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, өртке күн райының ыстық болуы себеп. Жалпы жыл басынан бері өңірде 30-ға жуық дала өрті тіркелген. Негізінен оқыс жағдайлар Алға, Ырғыз және Мұғалжар аудандарында болған. Барлық дерек бойынша келтірілген шығын көлемі 67 млн теңгеге жуықтайды.

Мәлік Нұғманов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:

– Біз алдын алу жұмыстарына үнемі көңіл бөлеміз. Шаруа қожалықтарының өкілдеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеміз. Бұл тұрғыдағы мобилді топқа ішкі істер органы мен әкімдіктердің қызметкерлері де тартылды. Олар да үгіт-насихат жұмыстарын жиі жүргізіп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы