386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәйремдегі жанжалдың себебі тергеліп жатыр

  • 99
  • UPD: 21:53, 13.08.2019

Жәйрем кентіндегі кен байыту комбинаты жұмысшыларының арасында жанжал шығып, бірнеше шетел азаматы жарақат алды.

Қарағанды облысында болған оқиға орнына өңір басшысы мен тәртіп сақшылары жедел жетіп, жұртты сабырға шақырған. Қазір жағдай тұрақталды. Полиция қызметкерлері наразылықтың себеп-салдарын анықтап жатыр.

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД Баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы:

- Жәйрем кентінде кен байыту комбинатының жұмысшыларының арасында келіспеушілік орын алған. Оқиға барысында бірқатар жеңіл дене жарақаттарын алды. Бұзақылық әрекеттері үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу органдарымен оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта Жәйрем кентінде жағдай тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы