386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жарықтың сөну себебі белгілі болды

  • 129
  • UPD: 22:21, 13.08.2019
Алматыда жарықтың сөну себебі белгілі болды

Алматының кей аудандарында электр энергиясы өшіп қалды. Оқыс оқиғаға байланысты «Алатау жарық компаниясы» АҚ түсінік берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«13 тамызда 17:42-де подстанция территориясынан тыс аймақта 6-10кВ кабельдердің өртенуіне байланысты N 168А «Есентай» станциясында жарық беру тоқтатылды. Қазір тұтынушыларды басқа стансаларға қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Зақымдалған кабельдер қайта жөнделіп жатыр. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары барлық қолайсыздықтарды шешіп, тез арада тұтынушыларға жарық беретін болады», - деді «Алатау Жарық» компаниясынан.

Кабельдердің не себепті өртенгені анықталып жатыр.

Айта кету керек, жарық сөніп қалуынан кей көшелерде бағдаршамдар істен шығып, кептеліс пайда болды.

Хабар 24 телеарнасы