386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралыда 500 гектар орман өртеніп кетті

  • 131
  • UPD: 21:37, 13.08.2019
Қарқаралыда 500 гектар орман өртеніп кетті

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында шамамен 500 гектар орман өртеніп кетті.

Қатты желдің кесірінен отпен күресу де қиынға соғып тұр. Осыған орай ауданда төтенше жағдай жарияланды. Қазір  аумаққа 150 адам, 27 техника және екі тікұшақ жұмылдырылған. Өрттің шығу себебін арнайы комиссия анықтайды. Айта кетейік, Қарқаралы мемлекеттік табиғат паркінің аумағы 100 мың гектардан асады. Қорықта өте сирек кездесетін 66 өсімдік түрі өседі.  

Біржан Кәрімов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары: 

- Орман өртін сөндіру өте қиын. Қатты жел тұрса, сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жануы мүмкін. Сондықтан барлық күшті жұмылдырып жатырмыз. Шамамен бірер күнде өртті толық сөндіреміз деген үмітіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы