386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда толассыз жауын ірі жол апатына себепші болды

  • 144
  • UPD: 11:22, 15.08.2019
Алматыда толассыз жауын ірі жол апатына себепші болды tengrinews.kz

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан кейін ірі жол апаты болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өткен түнде Алматыда толассыз жаңбыр жауған, оның салдарынан кейбір көшелерді су басқан. Қалааралық бағыттағы автобус пен төрт жеңіл көлік Райымбек даңғылының бойында Яссауи көшесінің шығысында ірі жол апатына ұшыраған. Көлік жүргізушілері мен куәгерлердің айтуынша, барлық көлік шығысқа қарай кетіп бара жатқан. Lada Priora мен Toyota Ipsum тежелген, себебі жол бөлігін су басқан. Осы кезде олардың артынан жүріп келе жатқан қалааралық автобус тоқтап үлгермей, бар жылдамдығымен екі көлікті де соққан.

Апаттан төрт адам зардап шекті – Toyota Ipsum-ның үш жолаушысы мен Lada Priora жүргізушісі.

Хабар 24 телеарнасы