386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралыда тағы екі дала өрті тұтанды

  • 115
  • UPD: 12:15, 15.08.2019
Қарқаралыда тағы екі дала өрті тұтанды inform.kz

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында 2 рет дала өрті шықты. Құтқарушылар олардың бірін ауыздықтап үлгерді. ТЖД қызметкерлері екінші өртпен әлі де күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданында дала өртінің 2 жағдайы тіркеліп отыр. Ынталы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта 49 гектар аумақта құрғақ шөп жанған. Өрт 14 тамыз күні 21:30-да ауыздықталды. Оны сөндіруге облыстық ТЖД-ның 10 қызметкері мен 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 12 қызметкер мен 3 техника тартылды. Екінші өрт Едрей ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 шақырым қашықтықта шыққан. Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр. Оны сөндіруге ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 17 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, Шет (2 өрт), Ақтоғай және Нұра аудандарында дала өрті тұтанып жатыр.

Өткен тәулікте Шет, Абай, Бұқар Жырау және Осакаровка аудандарында 11 дала өрті ауыздықталды. Оның аумағы 5-48 гектар аралығын қамтиды. Еске салайық, кеше Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ТЖ режімі жарияланған Қарқаралы ауданына барды.

Хабар 24 телеарнасы