385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында салық төлеуден жалтаруға көмектескен топ ұсталды

  • 110
  • UPD: 18:38, 15.08.2019

Павлодар облысында салықтан жалтаруға көмектесіп келген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

Олар өз жұмысын жалған фирмалардың атынан жүргізген. Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері банктердің бірінде осындай жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шотынан 7,5 млн теңге шешіп жатқан екеудің үстінен түсті. Ал үй мен кеңсені тінту барысында 9 мың доллар, 20 млн теңге, 11 мөр, заңды тұлғаның 14 электронды цифрлық қолтаңбасы, бухгалтерлік құжаттар табылған. Тергеу нәтижесінде қылмыстық топтың 4 жыл бойы 23 жалған серіктестік құрғаны анықталды. Ұйымдасқан қылмыстық топқа 30 адам мүше. Оның үшеуі сот санкциясымен қамауға алынды. Біреуі бұған дейін халықаралық іздеуде болған. Заңды белшеден басқандар 4 млрд теңгені қолды етті, ал мемлекеттік қазынаға 5 млрд теңге түсуі тиіс еді. Күдіктілер 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүліктері де тәркіленеді. Топ қызметін пайдаланған кәсіпкерлер де мүлкінен айырылып, 7 жылға дейін сотталуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы