386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қар құрсауында қалған Ресейлік альпинист құтқарылды

  • 66
  • UPD: 09:58, 16.08.2019
ШҚО-да қар құрсауында қалған Ресейлік альпинист құтқарылды mk.ru

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қар көшкінінен зардап шеккен Ресей азаматына көмек көрсетті. Бұл туралы РИА Новости облыстық төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Болжам бойынша, ресейлік альпинистер Белуха тауына шықпақ болған.

«Өз бетімен шыңға өрмелемек болған топтың мүшесі – 63 жастағы Тюмень қаласының тұрғынын қар көшкіні іліп әкеткен», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Айтуларынша, әйел адамның қолы сынып, түрлі дене жарақатын алған. Сондықтан оны аурухана тікұшақпен жеткізуге тура келген.

Хабар 24 телеарнасы