386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада автобуста бұрышты газ баллонын шашқан күдікті ұсталды

  • 79
  • UPD: 10:24, 16.08.2019
Астанада автобуста бұрышты газ баллонын шашқан күдікті ұсталды inform.kz

Полицейлер астанадағы жолаушылар автобусында бұрышты газ баллонын шашып, төбелес шығарды деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, оқыс оқиға 15 тамыз күні 10:00 шамасында №9 автобуста болған. Белгісіз ер адам автобус салонында біреумен төбелесіп қалып, бетіне газ баллонын шашып жіберген. Ал автобустан шыққаннан кейін ер адам қарсыласын бетінен бір теуіп, сол жерден қашып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Здравствуйте, вчера в автобусе #9 парень в красном устроил настоящее хулиганство. Он вообще неадекватный, распылял газовый баллончик прямо в салоне несмотря на то что там были дети, старики и беременные женщины, да досталось всем и даже взрослым, весь салон кашлял, потом подрался, вот немного удалось снять. Хотим чтобы его нашли правоохранителеьные органы.

Публикация от Принципиально Астана (@eto_astana_detka)

Хабар 24 телеарнасы