386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада екі қабатты үйде газ жарылды

  • 125
Қызылордада екі қабатты үйде газ жарылды

Қызылорда қаласында екі қабатты үйде газ баллонынан газ таралуы салдарынан жарылыс болған.

Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kyzylorda-news.kz.

Төтенше оқиға кеше, 15 тамыз сағат 13:40 минутта болған. Облыс орталығындағы Әлихан Бөкейхан көшесіндегі №45 үйдің екінші қабатында орналасқан №3 пәтерде редуктордағы ақау салдарынан 27 литрлік баллоннан газ ауаға таралған. Нәтижесінде ол жанусыз күйдегі жарылысқа себепші болды.

«Оқыс оқиға салдарынан 1942 жылы дүниеге келген кейуана күйік жарақатын алды. Ол қалалық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілді. Сондай-ақ «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының қызметкерлері осы үйдің тұрғындарына медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Ал тұрғын үйдің №1, 3 пәтер тұрғындары туысқандарының үйлеріне орналастырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Хабар 24 телеарнасы