386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы тұрғыны абайсызда үйін өртеп алды

  • 74
  • UPD: 11:57, 16.08.2019
Алматы тұрғыны абайсызда үйін өртеп алды eadaily.com

Алматы қаласының тұрғыны абайсызда үйін өртеп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Шухов көшесіндегі Кіші станицияда болған. Зейнет жасындағы әйел аулада күл-қоқысты өртемек болыпты. Алайда жалын тілі үйдің верандасы мен шарбаққа тиген. Соның салдарынан үйдің іші өртеніп, ауладағы автомобиль отқа оранған. Өрттің қызуынан көрші үйдің қасбеті мен шатыры жанып, байлаулы тұрған екі ит күйіп кетті. Абырой болғанда, адамдар аман.

Хабар 24 телеарнасы